Қазақстан Республикасының Әділет министрі А.Есқараев БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк мырзамен кездесті

Қазақстан Республикасының Әділет министрі А.Есқараев БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк мырзамен кездесті

Женева қаласында Әділет министрі Азамат Есқараев пен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк мырзаның арасында Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз етуді нығайту жөніндегі өзара тиімді мүмкіндіктер туралы нәтижелі диалог пен пікір алмасу өтті.

Кездесу барысында Қазақстандағы адам құқықтарының түрлі аспектілері талқыланды. Тараптар атқарылған жұмыстар туралы пікір алмасып, құқықтық жүйені жетілдіру саласында тәжірибе бөлісті. Жоғарғы комиссардың 2023 жылғы наурыздағы Қазақстанға ресми сапарының қорытындысы бойынша берген ұсыныстарына және мемлекеттік органдардың Жоғарғы комиссар басқармасымен ынтымақтастығының перспективалық бағыттарына ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар перспективалық бағыттар шеңберінде одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Қазақстан БҰҰ тарапынан ақпарат алмасуды және консультациялық қолдауды жалғастыруға дайын екенін білдірді.