Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп eGov Mobile мобильді қосымшасында «Нотариаттық онлайн консультация» сервисін енгізді. Енді қазақстандықтарға нотариаттық консультация алу үшін бар болғаны смартфон мен интернет қажет.
ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, сервис білікті заңгерлік көмекке мұқтаж адамдар үшін тиімді құрал болмақ. «Онлайн-кеңес беру арқылы азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке байланысты құқықтық сұрақтарға жауап ала алады. Нотариустар кез-келген сұрақтарға жауап береді. Бұл уақытты үнемдеуге және уақтылы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті вице-министр.
Жобаның мақсаты - нотариаттық қызмет көрсетудің ыңғайлылығын, жеделдігі мен тиімділігін арттыру. Қызметті алу үшін: 1. «eGovMobile» қосымшасына кіру керек; 2. Е-нотариат бөлімінде «Онлайн кеңес алу» қызмет түрін таңдап, өтінімді толтыруыңыз қажет; 3. Кеңес алу үшін бейне қоңырау арқылы қажетті сұрағыңызды қоясыз; 4. Банктердің мобильді қосымшалары арқылы 1 АЕК мөлшерінде нотариустың қызметін төлеу керексіз.