"Бағдарламалық қамтамасыз ету құқықтарын қорғау" семинары

"Бағдарламалық қамтамасыз ету құқықтарын қорғау" семинары

2023 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Бағдарламалық қамтамасыз ету құқықтарын қорғау» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында бағдарламалық қамтамасыз етудің құқық иелерінің айрықша құқықтарын сақтау мәселелері, сондай-ақ лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану тәуекелдері талқыланды.

Вице-министр Б.Ш. Жақселекова зияткерлік меншік құқықтарын қорғау инновациялар мен жаңа технологиялардың дамуын ынталандыратынын, сондай-ақ экономиканың дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Интернеттің дамуы жағдайында бағдарламалық қамтамасыз ету құқығын қорғау және лицензияланбаған бағдарламалық жасақтамамен күресу қажеттілігі туындады.

Семинар жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттерінің өкілдері қатысты.

Спикерлер рөлінде Райхан Абсалямова (Лаборатория Касперского), Татьяна Колбасова (1С Қазақстан) және Ринат Гумаров (Microsoft Қазақстан) баяндамалар жасады.