Әділет министрлігі терминологиялық секциясының кезекті отырысы өтті

Әділет министрлігі терминологиялық  секциясының кезекті отырысы өтті

2023 жылғы 30 мамырда Әділет министрлігі терминологиялық  секциясының кезекті отырысы өтті. Отырыста 15 термин қаралып, соның ішінде заңнамада жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін біріздендіру мақсатында «Гавань – қайраң», «Часть – бөлім, бөлік»,
«Мораль – мораль, ғибрат», «Маршрут – жолбағыт» терминдерінің заңда әр алуан қолданылуын болдырмау үшін жан-жақты зерделенді.

Секция мүшелері отырыста қаралған және талқыланған терминдермен іс қағаздарда қолданылатын сөздерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының қарауына ұсынуды ұйғарды.