Балаим Кесебаева Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды

Балаим Кесебаева Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды

Бүгін ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Департамент ұжымына Балаим Кесебаеваны таныстырды.

Балаим Кесебаева 1966 жылы Шымкент облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Шымкент облыстық атқару комитетінің әділет бөлімі кеңсесінің меңгерушісі болып бастады. Әр түрлі уақытта Қызылорда және Маңғыстау облыстарының әділет департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2021 жылдан 2023 жылға дейін –Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары.

Ботагөз Жақселекова Департаменттің тағайындалған басшысына жемісті жұмыс тілеп, Мемлекет басшысы мен Әділет министрлігінің Департамент алдына қойған міндеттерін орындау қажеттігін атап өтті.