Электрондық сенімхатты қалай рәсімдеуге болады?

Электрондық сенімхатты қалай рәсімдеуге болады?

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстың 167-бабына сәйкес, бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi ­– сенiмхат деп танылады.

2023 жылдың 11 сәуірінен бастап қазақстандықтар үшін сенімхатты электронды түрде рәсімдеуге мүмкіндігі қол жетімді болды.

Цифрлық сенімхат клиенттің нотариуспен бейнебайланыс орнату  арқылы онлайн режимінде рәсімделеді.

Цифрлық сенімхатты рәсімдеу үшін:

1. eGov Mobile қосымшасына кіріңіз;

2. өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз;

3. жеке басын растау үшін қосымшадан нотариусқа бейне қоңырау шалыңыз;

4. белгіленген тариф бойынша нотариустың қызметтеріне ақы төлеңіз;

5. «Сандық құжаттар» бөлімінде цифрлық сенімхатын алу қажет.

Бұл қызметті кез келген нотариус көрсете алады.

 Цифрлық сенімхатты барлық мемлекеттік органдарда немесе талап ету орны бойынша қағаз аналогымен теңестіруге болады.