Адам құқықтары жөніндегі әмбебап мерзімді шолу, сондай-ақ Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің шеңберінде ҚР Әділет вице-министрі Б. Жақселекованың онлайн кездесуі өтті

Адам құқықтары жөніндегі әмбебап мерзімді шолу, сондай-ақ Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің шеңберінде ҚР Әділет вице-министрі Б. Жақселекованың онлайн кездесуі өтті

2023 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың адам құқықтары жөніндегі әмбебап мерзімді шолу және азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің шеңберінде ұсынымдарды іске асыруды талқылау үшін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың 40-тан астам өкілімен онлайн кездесуі өтті.
Кездесуге қатысушылар адам құқықтары жөніндегі әмбебап мерзімді шолу шеңберінде ұсынымдарды іске асыру барысы туралы аралық ақпаратты жіберу қорытындыларының, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарға қатысты ұсынымдарының және халықаралық ұйымдармен және сайлау жүйесіне қатысты ынтымақтастықты одан әрі жалғастырудың мәселелерін талқылады.
Қатысушылар жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Кездесу сындарлы атмосферада өтті.
ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.
Кездесудің барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.