Әділет министрі Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілімен кездесті

Әділет министрі Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілімен кездесті

Азамат Есқараев Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті.

Кездесу аясында тараптар адам құқықтары саласындағы индикаторларды енгізу мәселесін қоса алғанда, құқықтық саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және адам құқықтары жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Азамат Есқараев БҰҰДБ Тұрақты өкіліне Қазақстандағы алдағы дипломатиялық миссия барысында табыс тіледі.