Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2023 жылғы
21 наурызда «Комсомольская правда» газетінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лаузымына конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде келесі мекен-жайда жүргізіледі: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 937 каб. байланыс тел. 8 (7172) 74-06-39, 55-88-26, 8 771 607 07 64.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: заңгерлік не экономикалық, медициналық, техникалық және сот-сараптама қызметі саласында басшы лауазымдарында кемінде
5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар міндетті түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.