ҚР Әділет министрлігінде Наурыз мейрамы тойланды

ҚР Әділет министрлігінде Наурыз мейрамы тойланды

          Орталық аппарат қызметкерлері Наурыз мейрамын дәстүр бойынша ұлттық ойындармен, түрлі қойылымдармен және мерекелік концерттік бағдарламамен атап өтті.
         «Наурыз мерекесі ұлттық дәстүрлерді сақтауға, адамдар арасында өзара түсіністікті орнатуға ықпал етеді. Наурыз меркесі халқымыздың даналығы мен өзіндік ерекшелігін бейнелейтін мереке. Әр отбасыға бақыт пен амандық әкелсін! Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!»,- деді Әділет министрі Азамат Есқараев.
          Мерекеге орай құрылымдық бөлімшелер қыз ұзату, бесікке салу, сырға салу, садақ ату, арқан тарту және т.б. ұлттық дәстүрлерлерді көрсетіп,  ойындар ойнады. Қызметкерлер ұлттық киім киіп, Наурыздың сәнін келтірді.