Азамат Есқараев: «Қазақстанда жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық процестік кодексінен Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекске көшіру»

Азамат Есқараев: «Қазақстанда жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық процестік кодексінен Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекске көшіру»

Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев ағымдағы жылғы 10 наурызда GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының басшысы, Берлиндік судья, әкімшілік соттар судьялары Одағының мүшесі – Йорг Пуделька, сондай-ақ ғылыми қоғамдастықтың, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан конференцияда жариялады.

Әділет министрі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі Қоғам» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында өткен жылдан бастап әкімшілік әділет саласын одан әрі жетілдіру және кеңейту бойынша жұмыс басталғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Әділет министрлігімен жекелеген санаттарын азаматтық процестік заңнамасынан Әкімшілік-рәсімдік процестік кодекске (бұдан әрі – ӘРПК) көшіруді («Нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу» 30-тарауын көшіруді қоса) көздейтін Заң жобасын әзірледі.

Сондай-ақ, Әділет министрлігі әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың жекелеген нормаларын одан әрі түзетуді, сондай-ақ ӘРПК-ге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады.

Заң жобасының мәтінімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14422226