Қазақстандықтар Egov порталындағы «Ашық НҚА» заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алды

Қазақстандықтар Egov порталындағы «Ашық НҚА»  заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алды

Қазақстандықтар Egov порталындағы «Ашық НҚА»  заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алды. Енді құжаттарды порталда көрсету кезінде НҚА-ны орналастырудың статусын көрсететін «Жоба» арнайы батырмасы пайда болды. Бұл ҚР Әділет министрлігі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің бірлескен технологиялық шешімдерінің нәтижесінде мүмкін болды. 

Мәселен бұған дейін «Ашық НҚА» порталында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жарияланған түзетулерде, жылдамдық режимін асырғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту ұсынылған. Алайда, жұртшылық бұл мәселе халықпен жеткіліксіз деңгейде талқыланғандығы туралы сын айтқан. Осыған байланысты порталға жаңа мүмкіндік енгізіліп отыр.