Әділет вице-министрі Канаданың Қазақстан Республикасындағы Елшісімен кездесті

Әділет вице-министрі Канаданың Қазақстан Республикасындағы Елшісімен кездесті

2023 жылғы 14 ақпанда Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Канаданың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алан Хэмсонмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанда құқықтық базаны дамыту, «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Прокуратура туралы» және «Конституциялық Соты туралы» үш Конституциялық заңның күшіне енуі, сондай-ақ өңірлерде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдерін құру тақырыптары талқыланды. Кездесуге қатысушылар мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар тобын кеңейту, сайлау жүйесін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етілді. Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастың жемісті дамуын атап өтіп, нәтижелі кездесу үшін бір-біріне алғыстарын білдірді. Кездесу сындарлы және іскерлік жағдайда өтті.