Заңды тұлға басшысын қалай ауыстыруға болады?

Заңды тұлға басшысын қалай ауыстыруға болады?

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 14-2-бабына сәйкес заңды тұлға басшысының өзгергені туралы мәліметтер тіркеуші органның қатысуынсыз электрондық хабарлама негізінде электрондық үкімет веб-порталы арқылы автоматты режимде енгізіледі.

Құрылтайшылар саны біреуден асатын заңды тұлғаның басшысы өзгерген кезде хабарлама заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы беріледі. Осы хабарлама жалпы жиналыстың төрағасымен және хатшысымен олардың ЭЦҚ-сы арқылы келісіледі.

Егер құрылтайшы жалғыз болса, онда келісу онымен жүзеге асырылады.

Заңды тұлға  енгізілген мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жауапты болады.