2022 жылы Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру

2022 жылы Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру

2022 жылғы 20 маусымда Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды.

Бұл заң авторлық құқық объектілеріне құқықтарды қорғаудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды күшейтуге бағытталған салалық заңдардың нормаларына өзгерістер енгізуді көздейді.

Заңмен жұмыс істеу зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша кезекті қадам болды.

Әділет министрлігі халықаралық сарапшылармен бірлесіп зияткерлік меншік саласындағы қазақстандық заңнамаға және халықаралық тәжірибеге талдау жүргізіп, оның қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлегенін атап өтеміз.

Осылайша, заңда: ұжымдық ұйымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, «географиялық көрсеткіш» жаңа объектісін қорғауды енгізуге, тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерге қатысты қысқа мерзімді қорғауды ұсынуға, тауар таңбалары, географиялық көрсеткіштер және тауар шығарылған жердің атаулары бойынша «оппозициялық» жүйені енгізуге, патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметін реттеуге бағытталған түзетулер енгізілді.