Жалақы бойынша қарызды өндіріп алу туралы мәселе толық көлемде орындалды

Жалақы бойынша қарызды өндіріп алу туралы мәселе толық көлемде орындалды

Министрлік басшылығының Шығыс-Қазақстан облысы халқымен   онлайн кездесуі барысында «Қазақцемент» ЖШС-нен бұрыңғы бес жұмысшысының пайдасына жалпы сомасы 1 067 822 тенгені құрайтын жалақы  бойынша қарызды өндіру туралы К.К. Тұңғышпаевтың өтініші келіп түсті.

Аталған өтініш әлеуметтік маңызы бар санаттағы іс ретінде бақылауға алынды. Істі қарау нәтижесінде атқарушылық іс жүргізу ШҚО жеке сот орындаушысы тарапынан бір жарым жылдан астам уақыт бойы орындалмағаны анықталды. 

Қазіргі уақытта жалақы бойынша қарызға қатысты атқарушылық іс жүргізу Абай облысына беріліп, толық көлемде орындалды.

Әділет министрлігі халық тарапынан көрсетілген белсенді азаматтық ұстаным үшін алғыс білдіреді.