«Тіл шебері - 2022» республикалық байқауы өтті

«Тіл шебері - 2022» республикалық байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 19 желтоқсанда үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Тіл шебері - 2022» республикалық байқауы өтті.

Байқауға орталық атқарушы органдардан мемлекеттік қызметшілер қатысып, өзара сайысқа түсті.

Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясы мен мәртебесін кеңейту, үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру.

Байқау нәтижесінде Министрліктің команда қызметкерлері: Мәжбүрлеп орындау департаменті Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау басқармасының бас сарапшысы Гаухар Бейсенбекқызы Досжанова, Заңнама департаменті Мемлекеттік басқару жөніндегі заңнама басқармасының сарапшысы Темірлан Медербекұлы, Құқықтық сасясат департаментініңҚылмыстық саясат басқармасы сарапшысының міндетін атқарушыАрай Ержан ІІІ жүлделі орынға ие болып, жеңімпаз атанды.