Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері американдық әріптестерімен тәжірибе алмасты

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері американдық әріптестерімен тәжірибе алмасты

5-6 желтоқсан аралығында Вашингтон қаласында Әділет вице-министрі А.Ахметова Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссияның кезекті отырысына Қазақстандық делегация құрамында қатысу кезінде «Адами өлшем» сессиясында төрағалық етті.

Сессияда Тараптар Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан адам құқықтары саласындағы конституциялық және құқықтық реформаларды талқылады. Вице-министр америкалық тарапқа жиналу бостандығы, пікір білдіру, БАҚ қызметі және босқындарды қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Сондай-ақ, Қазақстанның өлім жазасынан азат ел ретінде қалыптасуындағы жолы туралы айтып берді.

Жұмыс сапары аясында халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.

Мәселен, АҚШ Сауда өкілінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі К.Уилсонмен, АҚШ Президентінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі Атқарушы Кеңсесінің инновациялар және зияткерлік меншік жөніндегі директоры М. Баклермен және АҚШ патенттік және тауар белгілері жөніндегі Кеңсесінің кеңесшісі Д. Фоллимен кездесулер барысында Вице-министр кәсіподақтардың қызметі туралы хабардар етті, ҚР зияткерлік меншік саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды, сондай-ақ 2022-2024 жылдарға бекітілген ЗМ саласын одан әрі дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру барысы туралы хабардар етті.

Вице-министрдің Деректерді талдау жөніндегі Дүниежүзілік сот төрелігі, Халықаралық республикалық институт, Ұлттық демократиялық институт сияқты және т.б. халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және басқалармен кездесу кезінде Вице-министр қатысушыларды Адам құқықтары жөніндегі әмбебап мерзімді шолу, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісі бойынша баяндамаларды қорғауға дайындық жұмыстармен және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы әзірлеген жаһандық индикаторлар негізінде адам құқықтарының сақталуын бағалау индикаторларын енгізу жөніндегі жұмыс барысы туралы ақпараттармен таныстырды.

Кездесулер достық және жылы жағдайда өтті.