Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаментінің қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистрант-студенттеріне арналған Еуразиялық экономикалық одақ құқығы бойынша семинар жүргізілді.
Осылайша, аталған іс-шара аясында еуразиялық экономикалық интеграцияның негізгі бағыттары, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарының құқықтық аспектілері талқыланды.
Семинарды ұйымдастырған университет ұжымына және өзекті мәселелерді белсенді талқылаған аудиторияға алғысымызды білдіреміз.