Зияткерлік меншік объектілерін пайдалану арқылы капиталды қалай көбейтуге болады

Зияткерлік меншік объектілерін пайдалану арқылы капиталды қалай көбейтуге болады

2022 жылғы 15-16 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірлесіп «Зияткерлік меншікті (ЗМ) бағалау және ЗМ саласындағы институционалдық саясат арқылы университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарына ЗМ активтерін коммерцияландыруға жәрдемдесу» тақырыбында вебинар өткізді.

Аталған вебинарға Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Қаржы мониторингі агенттігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындарының, мәдениет және спорт, ішкі істер, ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрліктерінің, сондай-ақ Әділет министрлігінің аумақтық органдарының және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК өкілдері қатысты.

ДЗМҰ технологияларды беру секциясының жетекшісі-Ольга Спасич және Гренобль-Альпі университетінің (Франция) доценттері - Андре Гориус пен Вероника Блюм вебинарға қатысушыларды зияткерлік меншікті бағалау, оның негізі және әдіснамасымен таныстырды.

Вебинар тақырыбы кездейсоқ таңдалмағанын атап өтеміз, өйткені қазіргі уақытта экономиканың оң өсуі мен дамуы ғылыми-техникалық прогреске негізделген. Осыған байланысты, мемлекет зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтарды тиімді қорғауды қамтамасыз етуі қажет, бұл авторлар мен құқық иелерін жаңа объектілер құруға ынталандыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, сарапшылар инновациялық кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесін, оны практикалық қолдануды, сондай-ақ Қазақстан нарығы үшін коммерцияландыруды жүзеге асыру әдістерін ұсынды.