Сіздің жылжымайтын мүлкіңіз туралы мәлімет Halyk Homebank-те қолжетімді

Сіздің жылжымайтын мүлкіңіз туралы мәлімет Halyk Homebank-те қолжетімді

Жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы немесе ипотеканы рәсімдеу кезінде ауыртпалықтардың болуы, сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асыру және т.б. туралы ақпарат талап етілетін бірқатар жағдайлар бар. Бұл деректерді қайдан тез алуға болады? Бұл мәліметтерді қарапайым және оңай Halyk Homebank қосымшасында алуға болады.

Сізге қажетті сервистерді Halyk Homebank қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінің «Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәліметтер» бөлімшесінде онлайн пайдалануға болады.

Қажетті деректерді алу үшін таңдаңыз:

* «Жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы мәліметтер», өтінімнің кімге берілетінін белгілеңіз және SMS кодымен өтінішке қол қойыңыз;

* «Тіркелген құқықтар мен сыйақылар туралы мәліметтер», қажетті жылжымайтын мүлікті белгілеп, нысанды толтырыңыз.

Нәтижемен сіз «тарих» қойындысында 20 минут ішінде таныса аласыз.

Енді сіздің жылжымайтын мүлік туралы барлық қажетті ақпарат Halyk Bank цифрлық сервистерінде қолжетімді!

Әділет министрлігінің Halyk Bank-пен бірлескен жұмысының арқасында жақын арада өзге мемлекеттік қызметтер бойынша онлайн сервистер қолжетімді болады.