Баспасөз релизі

Баспасөз релизі

Әділет министрлігімен Конституцияға қабылданған түзетулерді, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Парламент Мәжілісіне 5 заң жобасын енгізу қамтамасыз етілді:

  1. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңының жобасы;
  2. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңының жобасы;
  3. «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасы;
  4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы;
  5. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы.

Заң жобалары ашық НҚА интернет-порталында жария талқылаудан өтті және жұртшылықтың және сарапшылардың ұсыныстары мен ескертулеріне сәйкес пысықталды.