Ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылғаны туралы

Ашық нормативтiк құқықтық актілердің  интернет-порталына орналастырылғаны туралы

          ҚР Әділет министрлігі «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының  жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірледі.

         Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

         Қоғамдық талқылау 2022 жылғы 17 тамыз - 2022 жылғы 1 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

         Барлық қызығушылық танытқан азаматтардың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін талқылауға келесі сілтеме бойынша: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14187513 қатысуға мүмкіндігі бар.