Онлайн-курстың анонсы: «Құқықтық ақпараттық қызметке келіп түсетін өзекті сұрақтарды түсіндіру. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты өзекті сұрақтар мен жауаптар».

Онлайн-курстың анонсы: «Құқықтық ақпараттық қызметке келіп түсетін өзекті сұрақтарды түсіндіру. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты өзекті сұрақтар мен жауаптар».

2022 жылғы 8 тамызда 15 сағат 00 минутта (мемлекеттік тілде) және 16 сағат 00 минутта (орыс тілінде) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметімен «Құқықтық ақпараттық қызметке түсетін өзекті мәселелерді түсіндіру. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты өзекті сұрақтар мен жауаптар» тақырыбында вебинар нысанында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша онлайн-курс өткізіледі.    

Вебинарға қатысушы бола отырып, Сіз мынадай мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз: тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау, тұтынушылардың тиісті сападағы тауарды алмастыру немесе қайтару құқығы, тиісті емес сападағы тауарды сатқан жағдайдағы тұтынушылардың құқығы, тұтынушының тауардың кемшіліктеріне қатысты талаптар қою мерзімдері, сатушының (дайындаушының, орындаушының) құқықтары мен міндеттері, Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық.

Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар тақырып бойынша қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алады.

Вебинар ҚР ӘМ «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК YouTube арнасында өткізіледі.

YouTube арнасына сілтеме https://www.youtube.com/user/rkaokz.

15.00 - де вебинар мемлекеттік тілде өткізіледі.

16.00 - де  вебинар орыс тілінде өткізіледі.

Алдағы онлайн-курс бойынша қосымша ақпаратты телефондар арқылы алуға болады: 119; 8 (7172) 58 00 58.