Ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылғаны туралы

Ашық нормативтiк құқықтық актілердің  интернет-порталына орналастырылғаны туралы

ҚР Әділет министрлігі «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Әділет министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірледі.

         Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

         Қоғамдық талқылау 2022 жылғы 29 шілдеден 2022 жылғы 12 тамызға дейін жүргізіледі.

         Барлық қызығушылық танытқан азаматтар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін талқылауға келесі сілтеме бойынша: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14168903 қатысуға мүмкіндігі бар.