Әділет вице-министрі А.Ахметованың Вашингтонға сапары аясында кездесулері өтті

Әділет вице-министрі А.Ахметованың  Вашингтонға сапары аясында кездесулері өтті

2022 жылғы 18-19 шілде аралығында Вашингтонға сапары аясында Әділет вице-министрі А.Ахметованың АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия, адам құқықтары және еңбек істері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Кара МакДональдпен, АҚШ-тағы «Amnesty International» Еуропа және Орталық Азия мәселелері жөніндегі директоры Дэниел Болсонмен және Еуропа мен Орталық Азияның ынтымақтастық орталығының бағдарламалық директоры Майкл Фединскимен кездесулері өтті.

Кездесулер барысында Вице-министр А.Ахметова Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформалар, соның ішінде еңбек және кәсіподақтар қызметі, пікір білдіру бостандығы, теңдік және кемсітпеушілік мәселелері туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесулер достық және жылы жағдайда өтті.