Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және Одақ құқығын құрайтын ЕАЭО органдарының актілерін әзірлеу мәселелері бойынша жыл сайынғы Семинар өткізілді

Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және Одақ құқығын құрайтын ЕАЭО органдарының актілерін әзірлеу мәселелері бойынша жыл сайынғы Семинар өткізілді

2022 жылғы 29 маусымда Әділет министрлігінде мүдделі мемлекеттік органдардың заң қызметтері мен халықаралық ынтымақтастық департаменттері үшін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою, сондай-ақ Одақ құқығын құрайтын ЕАЭО органдарының халықаралық шарттары мен актілері туралы мәселелер бойынша семинар өткізілді.

Семинар онлайн-форматта өтті, оған 100-дан астам мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты (БП, СЖҚІА. ҚНРДА, ҚМА, СЖРА, БҚДА, Есеп комитеті, ҰБ, ІІМ, ОСК, СІМ, ҚМ, ҰЭМ, ЦДИАӨМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, ИИДМ, МСМ, АШМ, ДСМ, ЭМ, АҚДМ, ЭГТРМ, СИМ,ТЖМ).

Семинар барысында ҚР ӘМ халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары А.М. Айткалиева ӘМ-не халықаралық шарттардың жобаларын заң сараптамасына енгізу кезіндегі негізгі проблемалар туралы ақпарат берді, сондай-ақ А.М. Айткалиева МО өкілдерін ҚР ӘМ мен ҚР СІМ бірлесіп әзірлеген Халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы және «Е- заннама» жүйесін дамыту туралы хабардар етті.

 Халықаралық экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаменті бәсекелестік, монополияға қарсы және кедендік реттеу саласындағы жобаларды сараптау басқармасының басшысы А.Ж. Сейдалина Одақ құқығын құрайтын ЕАЭО органдарының қабылданатын актілерінің ерекшеліктерін түсіндірді.

Сондай-ақ, халықаралық-құқықтық департамент директорының орынбасары Е.Т. Мусралиев ҚР халықаралық шарттарын жасасу жоспарларының мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өткізіліп жатқан семинардың жоғары өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ халықаралық шарттарды жасасу тетігімен егжей-тегжейлі танысуға ұсынылған мүмкіндік үшін алғыстарын білдірді.