ҚР Әділет министрі X Петербург халықаралық заң форумына қатысуда

ҚР Әділет министрі X Петербург халықаралық заң форумына қатысуда

Санкт-Петербург - ҚР Әділет министрі Қанат Мусин бастаған делегация РФ Әділет министрі К. А. Чуйченконың шақыруымен X Петербург халықаралық заң форумына қатысуда.

29 маусымда министр «Адам қызметіндегі мемлекеттік әділет» әділет министрлерінің ашық Кеңесіне спикерлердің бірі ретінде қатысты. Қанат Мусин мемлекеттік аппарат процестерінің тиімділігін жетілдіруге елеулі әсер еткен әкімшілік Әділет институты енгізілген ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексін қабылдау мен іске асырудың оң тәжірибесімен бөлісті.

Форум аясында 30 маусымда Әділет министрі Қанат Мусин Иран Ислам Республикасы сот билігінің әлеуметтік мәселелер және қылмыстың алдын алу жөніндегі орынбасары Асгар Джахангирмен екіжақты кездесу өткізеді.

        Форум ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.