А.ж. 20 мамырда Президент Қ. К. Тоқаевтың берген тапсырмасын орындау шеңберінде кездесу өткізілді

А.ж. 20 мамырда  Президент Қ. К. Тоқаевтың берген тапсырмасын орындау шеңберінде кездесу өткізілді

А.ж. 20 мамырда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы әзірлеген Жаһандық индикаторлар негізінде адам құқықтарының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын кезең-кезеңімен енгізу бойынша 2021 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҰҚСК бесінші отырысында Президент Қ. К. Тоқаевтың берген тапсырмасын орындау шеңберінде кездесу өткізілді.

Кездесуді Әділет министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының өңірлік бөлімшесінің қолдауымен ұйымдастырды.

Кездесуге орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері қатысты.

Кездесуге қатысушылар азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне ұшырамау құқығына, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемасына қатысты индикаторларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобаларын талқылады.

Қалған индикаторлар бойынша кезекті кездесу ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.

Кездесудің барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.