"Сыбайлас жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет" cеминары

"Сыбайлас жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет" cеминары

18 мамырда Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдықова Нұр-Сұлтан қаласының Дарынды жасөспірімдерге арналған "Білім - Инновация" лицей-интернатының оқушылары арасында "Сыбайлас жемқорлық – індет, онымен күресу - міндет" тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – әділдік, адалдық және парасаттылық қасиеттерін оқушылардың бойына сіңіру,  сондай-ақ патриоттық сезімдерін қалыптастыру және дамыту.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлық ұғымына, сыбайлас жемқорлық бойынша әлемдік рейтингтегі Қазақстанның деңгейі туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жүргізетін Transparency International, GRECO халықаралық ұйымдарының қызметі туралы түсініктемелер берілді.

Әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, Kahoot қосымшасы арқылы зияткерлік ойын өткізілді.

Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша 10 "А" сынып оқушысы Құдайберген Мадияр, 9 "Б" сынып оқушылары Қызылбаев Әлихан және Олжабаев Руслан, 9 "С" сынып оқушылары Мәмбетжанов Нұрислам мен Дүйсембаев Әлібек үздік атанды.