Бүгін Әділет министрі Қанат Мусин Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесу өткізді.

Бүгін Әділет министрі Қанат Мусин Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесу өткізді.

Бұл кездесу қалың жұртшылық пен мемлекеттік қызметшілер үшін әкімшіліктің жаңа форматы аясында ақпараттық материалды әзірлеу бөлігінде Әділет министрлігі мен ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ынтымақтастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын құру шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналған.

Аталған іс-шараны өткізу барысында Әділет министрі ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің бастамасын қолдады және Министрліктің жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жұмысқа қатысуына және көмек көрсетуге дайындығын білдірді.

Бұдан басқа, министр үздік әлемдік тәжірибені ұлттық құқыққа одан әрі имплементациялау үшін белгілі бір салалардағы халықаралық заңнаманы жалпылау мен талдаудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Фолькер Фробарт Қанат Мусиннің бастамасын қолдап, жоғарыда аталған мәселе бойынша ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі тарапынан көмек көрсетуге келісімін білдірді.