Ағымдағы жылғы 1 қарашада Әділет вице-министрі Наталья Панның төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі – Ерлан Нысанбаев);
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру қарастыру көзделген. (баяндамашы– ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Елдос Рамазанов).
ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
pressgov@mail.ru. Тел: 74-06-01, 74-06-02