Парламент Мәжілісінде саяси партиялар туралы заң жобасы таныстырылды

Парламент Мәжілісінде  саяси партиялар туралы заң жобасы таныстырылды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Әділет министрі Қанат Мусин саяси партиялар туралы заң жобасын таныстырды. 

Ұсынылып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әйелдер мен жастармен қатар,  сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды партиялық тізімдерге міндетті түрде енгізуді көздейді.

Бұл Мемлекет басшысының квоталанатын санаттарды кеңейту жөніндегі тапсырмасын іске асыруға байланысты, оған сәйкес «Сайлау туралы» Конституциялық заңнан басқа, «Саяси партиялар туралы» Заңға тиісті түзетулер енгізу қажет.

Заң жобасын қарау барысында депутаттар Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халықтары Ассамблеясы қызметінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізуге бастама жасады.

Жалпы, заң жобасы саяси партиялармен кеңінен талқыланып, олардың оң бағасын алды.