Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесіне орай «Елбасы жолы» толықметражды көркем фильмінің көрсетілімі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесіне орай «Елбасы жолы» толықметражды көркем фильмінің көрсетілімі

Елбасының студенттік жылдары, алғашқы еңбек жолдары және болашақ қазақстандық өнеркәсіптің қалыптасуы кезеңдерінде басынан өткен оқиғалары баяндалған көркем фильмінен жас мемлекеттік қызметшілер үлкен әсер алды.

Сонымен бірге, Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің  қызметкерлері арасында ағымдағы жылдың 29 қарашасында Зияткерлік марафон өткізілді.   "ҚР Тұңғыш Президенті", "Тәуелсіздікке 30 жыл", "Рухани Жаңғыру" тақырыптарына қатысты  викториналық сұрақтардан тұратын зияткерлік марафонда әрбір қызметкер белсенділік танытып, терең білімдері мен жоғары эрудицияларын көрсетті.

Марафон нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: Заңнама департаментінің сарапшысы     Ғ.М. Деме  - 1 орын, Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің сарапшысы Ә.А. Альжанова – 2 орын, Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаментінің іс жүргізушісі Б.Т. Байзақ - 3 орын.