Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2021 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке, игілік пен бірлікке 30 жыл: құқықтық аспектілер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Іс-шараға Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, мемлекеттік органдардың, білім беру, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Қазақстандық заң ғылымының өкілдері тәуелсіздік жылдарындағы ел заңнамасының қалыптасу кезеңдерін, сондай-ақ құқықтық ғылымның заңнаманы одан әрі жетілдірудегі әлеуетті атап өтті.

Конференция жұмысында халықаралық сарапшылар ретінде Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының (з.ғ.к., доцент Е.В. Горенская), Беларусь Республикасының ұлттық заңнама және құқықтық зерттеулер орталығының өкілдері (з.ғ.к., доцент
С.С. Лосева және О.А. Бакиновская),
Орал мемлекеттік заң университетінің (з.ғ.д., профессор В.С. Белых), сондай-ақ Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару университетінің (з.ғ.к., О.Н. Шерстобоев және з.ғ.к., доцент М.В. Грибина) өкілдері қатысты. Олардың баяндамаларында егеменді, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы, заңгерлік білім мен ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы әріптестік қатынастардың баға жетпес рөлі атап өтілді.

Пікірталас және пікір алмасу барысында конференция қатысушылары заң ғылымының, ұлттық заңнаманың және халықаралық құқықтың түрлі салаларындағы теориялық және практикалық сипаттағы ең өзекті мәселелерді талқылады. Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағын басып шығару жоспарлануда, ол Институттың ресми сайтында орналастырылатын болады (http://www.zqai.kz).