Қазақстан Республикасы «Big Sky Energy Corporation» америкалық компаниясы бастаған төрелік процесті жеңді

Қазақстан Республикасы «Big Sky Energy Corporation» америкалық компаниясы бастаған төрелік процесті жеңді

2021 жылғы 24 қарашада Инвестициялық дауларды реттеу бойынша халықаралық орталығы (ИДРХО) жанындағы төрелік Трибунал «Big Sky Energy Corporation» американдық компаниясының бастамасымен болған Қазақстан Республикасына қарсы төрелік іс бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына шешім шығарды. Талап арыздың сомасы 460,1 млн АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасы Трибуналды Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты инвестициялық келісімнің бұзылмағанына сендірді. Талапкердің талаптары толығымен қабылданбады.

Трибунал Талапкерді Республикаға төрелік шығындары төлеуді міндеттеді.

Төрелік талап арызды «Big Sky Energy Corporation» американдық компаниясы 2017 жылғы шілде айында ИДРХО ережелеріне сәйкес бастағандығын  атап өтеміз.

Тыңдаулар 2021 жылғы 4-12 қаңтар аралығында онлайн форматта өтті.

Талапкердің негізгі шағымдары, Атырау облысындағы мұнай кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығы бар "Қожан" ЖШС компаниясындағы қатысу үлесін экспроприациялауға алып келген, мемлекеттік органдардың, Талапкердің айтуынша, заңсыз іс-әрекеттері болып табылады.

Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасының мүддесін ҚР Әділет министрлігі "Reed Smith LLP" заң фирмасымен бірлесіп білдіреді.