Қазақстан Республикасы Статимен дауда жеңді: Бельгияның Апелляциялық соты 530 миллион АҚШ долларын құрайтын төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімнің күшін жойып, Стати төрелік трибунал мен Швеция соттарын жаңылыстырды деген қорытындыға келді

Қазақстан Республикасы Статимен дауда жеңді: Бельгияның Апелляциялық соты 530 миллион АҚШ долларын құрайтын төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімнің күшін жойып, Стати төрелік трибунал мен Швеция соттарын жаңылыстырды деген қорытындыға келді

Молдова олигархтары Анатол мен Габриель Статиді («Стати») жауапқа тарту үшін ұзақ күресте Қазақстан Республикасы түбегейлі жеңіске жетті.

2021 жылғы 16 қарашада Бельгияның Апелляциялық соты Статидің ірі көлемдегі алаяқтық схемаға қатысы бар, ол тек төрелік сотты ғана емес, сонымен қатар шешімнің күшін жою жөніндегі процесс кезінде Швеция соттарын да жаңылыстырды деген шешімді шығарды. Соттың пікірінше, бұл алаяқтық схема төрелік соттың жауапкершілік пен шығындарды өтеу мәселелеріне қатысты қорытындыларына тікелей әсер еткен. Соның негізінде Апелляциялық сот төменгі сатыдағы соттың 530 миллион АҚШ долларын құрайтын төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімнің толықтай күшін жойды.

King & Spalding заң фирмасы төрелікте Статидің мүддесін қорғаған және олардың жалған төрелік шешімдерін, соның ішінде Швеция мен Бельгияда тану және орындау бойынша дүниежүзілік әрекеттерін үйлестірген.

Бұрын хабарланғандай, 2017 жылғы желтоқсанда Стати төрелік шешімді тану туралы сырттай қаулы алды, ол кейіннен 2019 жылғы желтоқсанда Бельгияның бірінші инстанция сотының қаулысымен расталды. Алайда, бұл екі шешім де Статидің алаяқтығының жаңа дәлелдерін қамтымайтын шектеулі фактологиялық базаға негізделген.

2020 жылдың қарашасында Брюссельдің апелляциялық соты Статидің қарсылығына қарамастан, алаяқтық туралы материалды толық көлемде ұсыну туралы Республиканың өтінішін қанағаттандырды.

Енді апелляциялық сот Стати ауқымды алаяқтық схемаға қатысқанын және нәтижесінде төрелік шешім танылмауы немесе орындалмауы тиіс деген Қазақстан Республикасының позициясын растады.

Бұл Апелляциялық соттың шешімі Bank of New York Mellon-да сақталатын Қазақстан Ұлттық қорының 530 миллион доллардан асатын активтеріне уақытша тыйым салудың күшін жоюға алып келеді.

Қазақстанның Әділет министрі Марат Бекетаев бұл туралы былай деп түсіндірді:

«Бұл Стати мен олардың сыбайластарына қарсы Республиканың көпжылдық күресіндегі маңызды шешім. Статидің алаяқтығы туралы Республика ұсынған материалдарды толығымен осы сот алғаш рет қарады. Барлық қолда бар дәлелдемелерді мұқият талдағаннан кейін Апелляциялық сот біздің елге, Статидің аудиторларына (KPMG), төрелік сотқа және төрелік шешімнің күшін жоюды қараған Швед соттарына қатысты Статидің алаяқтық жасағандығын растады. Бұл шешім Статиге ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби кеңесшілеріне де ауыр салдар туғызады. Бұл Статиге әлі де көмектесіп,  олардың заңсыз схемаларына қолдау көрсететіндер, соның ішінде Даниэл Чапман мен оның Argentem Creek компаниялар тобы үшін «қайтарылмайтын» нүкте болуы тиіс. Әділет министрлігінің атынан Стати мен олардың барлық сыбайластары жауапқа тартылмағанша, біз өз ұстанымымызда тұратындығымызды хабарлаймыз».

Төрелік талқылау барысында Статидің алаяқтығының сотпен расталуы

Апелляциялық соттың Статидің алаяқтық туралы тұжырымдары өте айқын және түпкілікті. Іс бойынша келтірілген көлемді дәлелдерді зерттей келе, сот: «Стати алаяқтық және алдау деп квалификацияланатын әрекеттерді жасады» деп шешті. Бұдан әрі  сот бұл алаяқтық және жаңылыстыру әрекеттері «арбитраждық шешімге айтарлықтай әсер етті» және Статидің бұл әрекеттері болмаса, төрелік шешім «қалай шығарылса, сондай күйде шығарылмас еді» деп шешті.

Атап айтқанда, Апелляциялық сот Статидің келесі әрекеттерін жалған және жаңылыстыратын деп шешті:

  • Стати Қазақстандағы Tristan Oil, «Қазполмұнай» ЖШС және «Толқыннефтегаз» ЖШС компанияларының қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есептерді жасау кезінде өздерінің KPMG сыртқы аудиторларын алдады.
  • 2019 жылғы тамызда бұл есептіліктерге «сенім жоқ» деп KPMG «кері қайтарып алған» аудиторлық есептерге сүйене отырып, Стати төрелікте жалған қаржылық есептілікті заңдастырды.
  • Стати өздерінің компанияларының жалған қаржылық есептілігіне негізделген индикативті ұсыныс негізінде шығындар үшін өтемақы алды.
  • Стати төрелікте өздеріне тиесілі Perkwood компаниясының шынайы мәртебесін ашпай, төрелік барысында олардың Қазақстандағы жобасына арналған жабдықтардың негізгі жеткізушісі болып табылатын тәуелсіз үшінші тарап ретінде жалған түрде ұсынды.
  • Бұл ақпаратты Статидің ашпауы Қазақстанда газ өңдеу зауытын салу шығындарымен манипуляциялаған Статидің алдау схемасының нәтижесі болды, енді KPMG бұл олқылықтың елеулі бұрмалау болып табылатынын растады.
  • Стати арбитражда олардың бұрынғы қаржы директоры Артур Лунгу жалған деп растаған құжаттарға, оның ішінде KPMG кешенді тексеруі туралы есеп, ақпараттық меморандум және қаржылық есептерге сүйенді.
  • Стати Қазақстандағы инвестицияларының бар екендігін және заңдылығын көрсету үшін олардың қаржылық есептілігінің болжамды «шынайылығын» «Big Four» жататын аудиторлық компания тексерді деп төрелікте мәлім етті. Алайда, аудиторлық компаниясын алдағанын ашқан жоқ

Осы негізде Апелляциялық сот төрелік соттың шешім қабылдаған кезде «анық емес және айтарлықтай бұрмаланған дәлелдерге сүйенді» деп мәлімдеді. Апелляциялық сот анықтағандай, бұл жалған дәлелдер "Қазақстанның жауапкершілігі мен залал арасындағы себеп-салдарлық байланысты бағалау кезеңінде де, Стати мәлімдеген залал сомасын бағалау кезеңінде де төрелік шешімге әсер етті".

Себеп-салдарлық байланысқа қатысты Апелляциялық сот, егер төрешілер Статидің ұсынылған құжаттары елеулі дәлсіздіктерді қамтитын қаржылық есептерге негізделгені туралы хабардар болса, Республика «даусыз» осы мәселелер бойынша құжаттар мен материалдарды төрелік барысында бере алады деп қаулы етті. Тиісінше, сот «төрелік шешім шығарылғаннан кейін табылған дәлелдемелер мен құжаттар төрелік нәтижесіне маңызды рөл атқарады» деп шешті.

Апелляциялық сот төрелік іс қарау кезінде Статидің екі жақты мінез-құлқы туралы да атап өтті: «Статидің ақпаратты жасырудағы айла-амалдарының салдарынан төрешілер жаңылыстырылды. Олар іс бойынша шешім қабылдау үшін қажет болған Статидің нақты қаржылық жағдайын анықтай алмады. Төрешілердің шешімі Стати компанияларының нақты жағдайын көрсетпейтін жалған ақпаратқа негізделген».

Нәтижесінде, сот «Статидің анық емес және жалған мәлімдемелері және олардың төрелік талқылау барысында көптеген дәлелдемелерді жасырғаны салдарынан Қазақстан осы негізгі мәселе бойынша тыңдау құқығынан айырылды» деп есептейді.

Сот төрелік шешім шығарылғаннан кейін жиналған барлық дәлелдер «Статидің алаяқтық әрекетін еш күмәнсіз көрсетеді» деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, сот «Статидің Қазақстанға инвестициялары жосықсыз ниетпен салынғанын» және «төрелік сотта қаралған дау нақты фактілерді көрсетпегенін» анықтады.

Осылайша, төрелік шешімді орындаудан бас тартылды, ал орындау туралы алдыңғы шешім жойылды. Сондай-ақ, Стати Қазақстан Республикасы шеккен шығындарды өтеуге тиіс.

Соттың Стати төрелік шешімнің күшін жоюды қараған Швеция соттарын «қасақана жаңылыстырды» деп растауы

Бельгияның Апелляциялық соты Бельгиядағы сот процесі кезінде Швецияның соттары алдын-ала сот ісін жүргізу кезінде арбитраждық шешімнің күшін жою туралы алаяқтық фактілері бойынша Республиканың өтініштерін қабылдамады деген жалған талапты қарады және қабылдамады.

Жалған мәлімдеме жасай отырып, Стати ең алдымен Швецияда қабылданған 2016 жылғы желтоқсандағы төрелік шешімнің күшін жою туралы шешімге сүйенді.

Статидің талабын қабылдамай, Апелляциялық сот Статидің төрелік шешімнің күшін жою туралы сот ісін жүргізу кезінде Швеция сотын «қасақана жаңылыстырды» деп шешті.

Сот, сондай-ақ, Статидің алаяқтығының негізгі дәлелдері, оның ішінде Статидің жалған қаржылық есептілігі бойынша барлық аудиторлық есептерді кері қайтарып алу туралы KPMG 2019 жылғы тамыздағы шешімі Швеция сотында күшін жою туралы сот өндірісі кезінде қол жетімсіз боды деп тапты: Швеция соты «KPMG аудиторлық есептерді «кері қайтарып алу» шешімін назарға алған жоқ, өйткені ол кезде бұл ақпарат белгісіз еді. Олар сонымен бірге Швеция сотын қасақана адастырған және соттардың барлық қолда бар ақпарат пен дәлелдемелер негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік бермейтін Статидің жалған ақпаратрын ескермеді». 

Республиканың алаяқтық ісін басқа ешбір соттың қабылдамағаны туралы соттың растауы

Апелляциялық сот Статидің басқа соттар Республиканың алаяқтық ісі бойынша тоқтатқаны туралы тағы бір жалған мәлімдемесін қабылдамады. Апелляциялық сот осы іске қатысты бірқатар критикалық тұжырымдар жасады:

  • Стати 2019 жылғы тамыздағы KPMG аудиторлық есептерді қайтарып алу туралы шешімін қабылдағанға дейін барлық соттардан осы дәлелдемелерді жасырды.
  • Англияда Жоғарғы сот төрелік шешімнің алаяқтық жолмен алынғаны туралы жеткілікті дәлелдер бар деп шешті. Ағылшын соты анықтағандай, Стати толық сот талқылауының нәтижесі оларға қарсы және Қазақстанның пайдасына болады деген тәуекелді болдырмау үшін Англияда талқылауды тоқтатты.
  • Люксембургтің кассациялық сотымен қабылдаған 2021 жылғы 11 ақпандағы шешімнің негізінде Статидің сілтеме жасаған 2019 жылғы 19 желтоқсандағы Апелляциялық сот шешімінің күші Люксембургте жойылды. Одан кейін Люксембург Аудандық соты Статидің әрекетіне қатысты қылмыстық тергеудің негізінде тыйым салу жөніндегі ісін тоқтату туралы шешім қабылдады. Егер Статидің қылмыстық әрекеттері расталатын болса, бұл сот процесіне әсер ететіні сөзсіз.
  • Нидерланды Жоғарғы отының мемлекет прокуроры 2020 жылғы 14 шілдедегі Нидерланды сотының төрелік шешімді орындау құқығын беретін шешімін Нидерландыда жоюды ұсынды.
  • АҚШ соты шешімді АҚШ-та міндетті орындау Статидің 2019 жылы ғана анықталған алаяқтық әрекеттерін есепке алмады. АҚШ-тың «Ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлық туралы заңының» негізінде Қазақстан Республикасының талап арызын қарау кезінде АҚШ соттары да 2019 жылы ғана анықталған алаяқтықтың жаңа элементтерін қарастырған жоқ.
  • Италияда Рим Апелляциялық сотының шешімі төрелік шешімді танудың процессуалдық аспектілеріне ғана қатысты және кассациялық инстанцияда апелляцияға беріледі.

Сонымен қатар, Бельгия Апелляциялық соты уақытша тыйым салу процесінің шеңберінде 2021 жылдағы маусымда қабылданған шешім тек алдын ала шешім ретінде қабылданған, онда дәлелдемелер толығымен ескерілмегеннің атап өтті. 29 жылғы 2021 маусымдағы шешімнің төрелік шешімді орындау туралы апелляцияға қатысы жоқ деп Статидің мәлімдеуі керісінше дұрыс емес деп және оны апелляциялық сот қабылдамады.

Бельгиядағы сот шешімінің әсерлері

Апелляциялық сот төрелік шешімнің алаяқтық жолмен алынғанын анықтай отырып, Қазақстан Республикасының осы шешімді орындау тәртібінің күшін жою туралы өтінішін негізді деп тапты. Осылайша, сот 2017 жылғы 11 желтоқсандағы төрелік шешімін орындау туралы қаулының күшін толығымен жойды.

Төрелік шешімді орындаудан бас тарту деген шешімнің заңды күші жоқ екендігін және жарамсыз деп танылғанын білдіреді. Нәтижесінде Статимен қабылданған мәжбүрлеу шаралары, оның ішінде Bank New York Mellon-да Қазақстан Ұлттық қорының 530 миллион АҚШ доллары көлеміндегі сақталған активтеріне уақытша тыйым салу да күшін жояды.

Қорытынды

Брюссель апелляциялық сотының шешімі Статидің бұдан былай өзінің алаяқтық әрекеттерін тексеруден қашып құтыла алмайтынын көрсетеді. Жалған құжаттар негізінде Стати адастырған Швециядағы соттардан Брюссельдің апелляциялық сотының айырмашылығы, арбитраждық шешім қабылдаған кезде Статидің алдауы мен алаяқтығын көрсететін жаңа маңызды дәлелдер алуы болды.

Арно Нуитс, Бельгиядағы Қазақстан мүдделерін қорғайтын бас заң кеңесшісі және Liedekerke Дауларды шешу бөлімінің басшысы түсіндіруі бойынша: «Сөзсіз, алаяқтық туралы дәлелдердің көбеюі және оның төрелік шешімге әсері шынымен де үлкен және бұл соттар осындай алаяқтыққа назар аударып, заңды салдарға әкелуіне жай ғана уақыт мәселесі болды. Брюссельдің апелляциялық соты істің барлық материалдарын мұқият тексерді. Осы негізде ол төрелік шешім алаяқтық арқылы алынды және жалған деп танылған дәлелдемелерге негізделген деп тұжырымдады, сондықтан оны танудан және орындаудан бас тарту керек».

Осы жаңа жеңіспен Қазақстан Республикасы заң үстемдігі мен қазақ халқының мүддесін қорғауды жалғастырады. Барлық Стати тараптарына, сондай-ақ Дэниел Чапман және оның Argentem Creek компаниялар тобы сияқты сыбайластары қатысқан, бүкіл іске әсер ететін бухгалтерлік есеп алаяқтықтығы және ақшаны жымқыруы ауыр қылмыс болып табылады. Әсіресе, сот жүйесін заңсыз мақсатта пайдалануға жол бермейді.

Іс туралы толық ақпаратты https://kzarbitration.com/ сайтынан табуға болады.