ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

2021 жылғы 20 қазанда сағат 11.00-де «HOLIDAY», «TASSAY», «Coffee BOOM, fig.» және «ZEPTER» тауар таңбалары Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы EL IP RIGHTS LIMITED, ТОО «Dostar coffee», Fieldpoint B.V.(NL) компанияларының өтініштерін қарау бойынша Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану бойынша Комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) отырысы онлайн форматта өткізілді.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша «HOLIDAY» және «TASSAY» сөздік тауар таңбаларын 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жүктемесінің (бұдан әрі - ТҚХЖ) 32-сыныптың тауарлары бойынша, «Coffee BOOM, fig.» біріктірілген тауар таңбасын 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ТҚХЖ-ның 43-сыныптың қызметтері бойынша және «ZEPTER» сөздік тауар таңбасын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ТҚХЖ-ның 8 мен 21-сыныптарының тауарлары бойынша Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп танылды.