ҚР Әділет министрлігінде ведомствоның кезекті алқа отырысы өтті

ҚР Әділет министрлігінде ведомствоның кезекті алқа отырысы өтті

2021 жылғы 15 қазанда ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Әділет министрлігінің кезекті алқа отырысы өтті

Отырыс барысында ведомство өкілдері азаматтардың өтініштерін қарау барысы туралы баяндады. Биылғы жылдың 3 тоқсанында Министрлік пен өңірлік бөлімшелерге 34 518 (Орталық аппарат – 4 389, ӘМӨҰ – 30 129) өтінім келіп түскен.

Сот актілерінің орындалмауы бойынша – 1 638,  жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу – 825, сот-эксперттік қызметі– 163, заңнаманы түсіндіру–153, зияткерлік меншік бойынша – 75 өтінім келіп түскен.

Алқа отырысының нәтижесі бойынша берілген ұсыныстар мен көтерілген мәселелер бойынша ескертулер орындауға алынды.

 

Баяндамашылар: Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Алан Тленчиев, Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Мейржан Төлепов, Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Тимур Исабеков, Әдеп жөніндегі уәкіл Алма Сыдықова.