2021 жылғы 13 қазанда Әділет министрі М.Б. Бекетаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің ҚР-дағы Елшісі Кэтрин Джейн Личпен кездесті.
Кездесу барысында елдер арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ ҚР-да адам құқықтары мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан реформалар талқыланды.
Кездесу соңында Әділет министрі М.Б. Бекетаев кездесу үшін алғысын білдіріп, Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның Қазақстандағы Елшісі ретінде жемісті жұмыс тіледі.