Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуғы лицензия алу үшін ЖАДНАМА

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуғы  лицензия алу үшін ЖАДНАМА

        Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Лицензия алу үшін тиісті құжаттар тізбесі

 

         - Электрондық құжат түріндегі өтініш (6 АЕК - 2021 жыл – 17 502 тенге, БСК – 105402, ТМК - 911), қайта ресімдеу – 1750 тенге.

- Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

- Ақпараты бар мәліметтер формасы:

 а) жоғары оку орнының атауы, дипломның номері мен сериясы, берілген күні, мамандықтар мен біліктіліктер атауы мен коды, шетел білім беру мекемелерімен берілген дипломдар үшін «Білім туралы» Заңына сәйкес нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар мәліметтер;

 б) ұйымның атауымен қоса лауазымы, күні, айы, жылы.

 

    

Лицензиясын алуға құқылы

         - Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;

      - судьялар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адамдар;

      - прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар;

      - атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар.

         - тағылымдамадан және аттестаттаудан өтпек адамдар.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

 

-         Қазақстан республикасы заңнамасына сәйкес, тұлға лицензия алу кезінде берілген мәліметтердің анықтығы үшін өзіне жауапкершілік алады.

-         Лицензия алу кезінде жалған мәліметтер бергені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, ал лицензиат сот тәртібімен лицензиядан айырылады және үш жыл ішінде лицензия алуға тыйым салынады.