Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас Ассамблеясы шеңберінде ағымдағы жылғы 4-8 қазан аралығында Женева қаласында (Швейцария) Әділет вице-министрі А. Ахметованың ДЗМҰ Бас директоры Д. Тангпен, ДЗМҰ Бас директорының орынбасарлары С. Форбен және Х. Клейбпен, ДЗМҰ Академиясының директоры Ш. Саадаллмен кездесулері өтті.
Д. Тангпен кездесу барысында зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, Қазақстан Республикасының ДЗМҰ басқаратын жаңа халықаралық шарттарға қосылуы мәселелері талқыланды.
Авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау және қорғау, құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарының қызметі, креативті экономиканы дамыту перспективалары, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері С. Форбен және Х. Клейбпен кездесулердің тақырыбы болды.
Ш. Саадалламен онлайн кездесу барысында Қазақстан Республикасында ДЗМҰ Жазғы мектебін ашу жөніндегі Қазақстанның бастамасы қолдау тапты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі жемісті ынтымақтастық туралы келісті.