«Заңдарға ресми түсінік берудің (түсіндірудің) өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел

«Заңдарға ресми түсінік берудің (түсіндірудің) өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел

2021 жылғы 24 қыркүйекте ZOOM бейнеконференц байланыс арқылы «Заңдарға ресми түсінік берудің (түсіндірудің) өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті, оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтымен, Беларусь Республикасының Заңнама және құқықтық зерттеулер ұлттық орталығымен және Новосибирск мемлекеттік экономика және басқару университетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап, ұйымдастырды.

Аталған іс-шара биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары өкілдерінің, жетекші шетелдік ғалымдар мен халықаралық сарапшылардың заң нормаларын түсіндіруінің өзекті мәселелерін жан-жақты және кеңінен талқылауы үшін диалог алаңына айналды.

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелері, Жоғарғы Сот судьялары, Бас прокуратура, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының өкілдері және Ресей, Беларусь және Қырғызстанның халықаралық сарапшылары қатысты.

Іс-шараның модераторы Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат Институтының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Құмарбекұлы Сарпеков болды.

Іс-шараны құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бақытжанұлы Бекетаев ашты. Дөңгелек үстелге қатысушыларға Әділет вице-министрі Наталья Виссарионовна Пан, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы, з.ғ.д. Қанатбек БейсенбекұлыСафинов, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының директоры, Ресей Ғылым академиясы президентінің орынбасары, Ресей Ғылым академиясының академигі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Халықаралық салыстырмалы құқық академиясының (IACL, штаб- пәтері - Париж, Франция) толық мүшесі,з.ғ.д., профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген заңгері, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясы) мүшесі Талия ЯрулловнаХабриева, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі ГульнараКадиржановнаБижанова, Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Павел Анатольевич Новгородовсөз сөйледі.

Бірінші спикер ретінде Қанатбек БейсенбекұлыСафинов заң шығарушылықты жетілдірудің және заңдарды ресми түсіндірудің негізгі мәселелерін ашып көрсетті.

Іс-шараны Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының жария-құқықтық зерттеулер орталығы меңгерушісінің орынбасары, з.ғ.д., профессор, халықаралық салыстырмалы құқық академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Юрий Александрович Тихомиров жалғастырды, ол құқықтық актілерді олардың мазмұны туралы идеялардың алуан түрлілігі жағдайында түсіндіру мәселелеріне назар аударды.

Беларусь Республикасындағы нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру мәселелеріне арналған баяндамамен Беларусь Республикасының ұлттық заңнама және құқықтық зерттеулер орталығы құқықтық зерттеулер институтының басшысы – директордың орынбасары Елена ВалентиновнаСемашко сөз сөйледі.

Ресей Федерациясындағы заңдарды ресми түсіндірудің ерекшеліктері Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының іргелі құқықтық зерттеулер орталығының бас ғылыми қызметкері, з.ғ. д., профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ресей Федерациясының Конституциялық сотындағы Мемлекеттік Думаның тұрақты өкілі - Мемлекеттік Думаның құқықтық басқармасы бастығының орынбасары (1998 - 2003) Валерий ВасильевичЛазаревтіңбаяндамасында атап өтілді.

Беларусь мемлекеттік университетінің конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ. д., профессор, Беларусь ҰҒА корреспондент - мүшесі Григорий Алексеевич Василевич «Заң актілерін түсіндіру-заң шығару мен құқық қолданудың маңызды элементі» атты баяндама жасады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті бастығының орынбасары Альбина Тасболатқызы Маутова«Заңдарды ресми түсіндірудің өзекті мәселелері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Сонымен қатар, Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің проректоры, з.ғ.к., доцент Макарцев Андрей Алексеевич сайлау құқығы нормаларының құқықтық белгісіздігін толықтыру тәсілі ретінде ресми түсіндіру мәселелеріне, Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университеті Заң факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент Олег Николаевич Шерстобоевәкімшілік құқықта ресми түсіндіруді жүзеге асыру мәселелерін қозғаған баяндамамен сөз сөйледі.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысы барысында «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Төрелік орталығының атқарушы директоры, з.ғ.к., M. S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU unıversıteti adjunct assistant professor Аскар Құралбайұлы Калдыбаевтың, M. S. Narıkbaev atyndaǵy KAZGUU Unıversıteti провосты, з.ғ.к., доцент Пен Сергей Геннадьевичтің, Нұр-сұлтан қ., «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ

филиалының төрағасы Серік Нұртазаұлы Беркамаловтың, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының бас ғылыми қызметкері, з.ғ.д., Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Заң факультетінің профессоры Ермек Баяхметұлы Абдрасуловтың баяндамалары оқылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар мен қонақтар баяндамаларды тыңдады, содан кейін мүдделі мемлекеттік органдарға, жоғары оқу орындарына, сондай-ақ қоғамдық және ғылыми ұйымдарға жіберілетін шоғырланды