“Ауылыма кітап " республикалық қайырымдылық акциясы

“Ауылыма кітап " республикалық қайырымдылық акциясы

Бүгін Әділет министрлігі "Ауылыма кітап"қайырымдылық акциясын өткізді. Акция қорытындысы бойынша ведомствомен ауыл мектептерінің кітапхана қорын кеңейту үшін 200 кітап берілді.

Акцияның мақсаты-оқу мәдениетін ілгерілету арқылы өскелең ұрпақтың, атап айтқанда шалғайдағы елді мекендердің бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.

Аталған іс-шараны Әділет министрлігі Аппаратының басшысы Үмбеталиев Асқар Ерболатұлы қолдады.