Әділет министрлігінің терминологиялық секциясының кезекті отырысы

Әділет министрлігінің терминологиялық секциясының кезекті отырысы

2021 жылдың 22 қыркүйек Әділет министрлігі терминологиялық  секциясының кезекті отырысы өткізді. Отырыста 14 термин қаралып соның ішінде заңнамада жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін біріздендіру мақсатында «маркет-мейкер - создатель рынка», «бизнес-ахуал- бизнес-климат», «командиттік серіктестік- командитное товарищество», «Төрелік - Арбитраж», «бейрезидент, резиденті емес- нерезидентов», «қадағалаусыз қалған жануарлар- безнадзорные животные», «Дауларды баламалы реттеу- Альтерна­тивное урегули­рование (разреше­ние) спо­ров»терминдерінің заңда әр алуан қолданылуын болдырмау үшін жан-жақты зерделенді.

Секция мүшелері отырыста қаралған және талқыланған терминдермен іс қағаздарда қолданылатын тұрақты тіркестерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының қарауына ұсынуды ұйғарды.