Әділет министрлігінде отбасы күніне орай "Менің бақытым-отбасым" тақырыбында конкурс өтті

Әділет министрлігінде отбасы күніне орай  "Менің бақытым-отбасым" тақырыбында конкурс өтті

Министрліктің қызметкерлері арасында отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, үлгілі және өнерлі отбасыларды қолдау мақсатында "Менің бақытым-отбасым" тақырыбында бейнероликтер конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс нәтижесі бойынша, арнайы құрылған комиссия шешімімен Бас жүлде Нұрлыбаевтар отбасына, 1-орын "Үлгілі отбасы" номинациясымен Мұхаметқалиевтер отбасына, 2-орын "Өнерлі отбасы" номинациясымен Есіркеповтер отбасына, 3 орын Ахметовтер отбасына берілді. Жеңімпаздар Әділет министрінің дипломдары мен естелік сыйлықтарымен марапатталды.  Сонымен қатар, Министрліктің Орталық аппараты қызметкерлерінің арасында жұмыстарымен ерекше көзге түскен мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына ведомство басшысының алғыс хаты ұсынылды.