«Антиконтрафакт-2021» IX Халықаралық форумы өткізілді

«Антиконтрафакт-2021» IX Халықаралық форумы өткізілді

2021 жылғы 26-27 тамызда Нұр-сұлтан қаласында «Антиконтрафакт-2021» Халықаралық форумы өтті. Ұйымдастырушылар Еуразиялық экономикалық комиссия, Қазақстан Республикасының Үкіметі және «Антиконтрафакт» Халықаралық қауымдастығы болып табылады.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының, мемлекеттік органдарының, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ведомстволары мен ұйымдарының, бизнес-қоғамдастықтың, креативті индустрияның, маркет-плейстердің өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен құқық иеленушілер Форумның Фокус-аудиториясы болды.

Пленарлық отырысқа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.Смайылов, Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі А. Ахметова, Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Р. Бекетаев, Еуразиялық патенттік ведомствоның Президенті С. Тлеулесова, «Антиконтрафакт» Халықаралық қауымдастығының президенті А. Аслаханов және басқалар қатысты.

Форумның мазмұнды екі күндік іскерлік бағдарламасы өнеркәсіптік өнімдердің заңсыз айналымына, қазақстандық нарықта да, жалпы ЕАЭО нарығында да контрафактілік және жалған тауарлардың таралуына байланысты мәселелерге арналған 10 пікірталас сессиясын қамтыды.

Форум тақырыптарының ішінде контрафактілік өнімнің түрлі аспектілері: Интернет желісінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, фармацевтика саласы, сертификаттау, таңбалау және басқа да мәселелерді талқылау ерекше орын алды. Форумға қатысушылар ЕЭА-ға мүше мемлекеттерде дәрілік препараттарға патенттік құқықтарды қорғау, дәрілік препараттарға қол жеткізу, сондай-ақ өнертабысқа патент қорғайтын Қолданыстағы заттардың фармакологиялық белсенділігі бар препараттардың тізілімін жүргізу мәселелерін талқылады.

Форум аясында Үшінші Халықаралық «Антиконтрафакт» жастар форумы өткізілді, оның барысында контрафактілік өнімдерді өндіру мен олардың айналымына төзбеушілікті насихаттау, контрафактіге қарсы күрес мәселелері бойынша жұмыс істеп тұрған жастар ұйымдарының әлеуеті, өнімдердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жастардың әлеуметтік белсенділігін күшейту жөніндегі «Антиконтрафакт-М» жастар қозғалысын дамыту және т.б. мәселелер талқыланды.

Форумға қатысушылар жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға белсене қатысты, сондай-ақ пікірталастардың жоғары деңгейін және тақырыптық сессиялардың көп салалы бағытын атап өтті.