Жаңадан бастаушы стартаптардың қатысуымен IT-өнімдеріне құқықтарды сақтау және қорғау мәселелері бойынша вебинар өтті

Жаңадан бастаушы стартаптардың қатысуымен IT-өнімдеріне құқықтарды сақтау және қорғау мәселелері бойынша вебинар өтті

 Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Қазпатент Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркімен бірге бейнеконференциялар форматында жаңа бастаған стартаптаршылардың қатысуымен IT-өнімдерге құқықтарды қорғау туралы вебинар өткізді.

Вебинар аясында  IT өнімдеріне арналған авторлық құқықты қорғау,  IT шешімдерін патенттеу және Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі ІТ-стартаптардың зияткерлік меншік құқығын құқықтық қорғау шаралары қарастырылды.

Стартап-индустрия өкілдері стартап-идеяларды қорғаудың проблемалық аспектілерін талқылауға белсенділік пен қызығушылық танытты.

Вебинар барысында Қазақстандағы зияткерлік меншік саласын дамытудың өзекті мәселелері де талқыланды.