Әділет министрлігі Абай Құнанбаев күніне арналған дөңгелек үстел өткізді

Әділет министрлігі Абай Құнанбаев күніне арналған дөңгелек үстел өткізді

2021 жылдың 10 тамызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ұлы ойшыл, ақын Абай күніне арналған "Пайда ойлама, аройла" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Абайдың шығармалары – баға жетпес құндылық, асылмұра. Абай өз мүдделерінен жоғары болуға, тәжірибемен білімді ұлттың өркендеуі үшін пайдалануға шақырды. Абайдың дана қарасөздері қазақ халқының мәңгілік өнегелі тірегі болып қала береді, ұлт дамуының негізіретінде көптеген ұрпақтарды біріктіреді.

Аталғаніс-шараға Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, Әдеп жөніндегі уәкілдермен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметшілер Абай Құнанбайұлының шығармаларынан үзінділердімәнерлепоқып, қара сөздерін талдады. Өңірлердің мемлекеттік қызметшілері барынша белсенділік танытып, әсерлі ұлттық киімде әзірленген видеороликтерін көрсетті. 

ҚР Әділет министрлігінің онлайн-алаңында өткізілген дөңгелек үстел ұлы   ойшыл  және ақын Абайды еске алуға арналған мәдени-кәсіби іс-шарамен ерекшеленді, сондай-ақ Ұрпақтар арқылы тәрбие мен адамгершілік қағидаттарының сабақтастығын көрсетеді.