Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығын көпшілік алдында талқылау туралы пресс-релиз

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығын көпшілік алдында талқылау туралы пресс-релиз

Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрығының жобасы орналастырылғанын жеткіземіз.

Қоғамдық талқылау 2021 жылдың 2 тамызынан 16 тамызына дейін өтеді (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=10506895).

Барлық мүдделі азаматтар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актісінің жобасын талқылауға қатыса алады.